Ең Бірінші тіркел.
Айдың 1-жұлдызы күні туған¬дар: Билікке ұмтылғыш болып келеді. Оған күш-қайраты да, ойы да жетеді. Мансапқа жету жолында өзгенің айтқан сақтығын да ескер¬мейді. Шығармашылық ой¬лау қа¬білеті өте жоғары. Кез келген жағ¬дайдан шығудың жолын табады. Барға мақтанбайды, жоққа мойы¬майды. Кейде «бірінші» болу үшін өзгені құрбандыққа шалып жі¬береді.
2-сі туғандар: Мінезіндегі ерек¬ше¬лік – ынтымақтастық. Олар жақ¬сы жар, сыйлас әріптес, сырлас дос болуға икемді. Екінші жақтың пікірімен есептесіп отырады. Бұл құлдық психология емес, бірақ кейде оны түсінбегендер оны өзіне тәуелді еткілері келеді. Өзгенің тапсырмасын өте ыждағатты орын¬дайды, осы мінезінің арқасында өзіне орынтақ жасайды.
3-і туғандар: Достары көп, кө¬ңілділіктің билігінде көп тербеліп жүреді. Олар «ортаның тұздығы», олардың төңірегінде адамдар көп жүреді. Табиғатынан тартымды, сүй¬кімді, өздері де осы жақсы қа¬сиеттерінің арқасында жақсы көрі¬нетіндіктерін біліп, сол арқылы көрінгілері келеді. Олар жан-жақты, көп нәрсені істей алады, бірақ ең негізгісін таңдай алмайды.
4-і туғандар: Еңбекқор, мықты адамдар. Қоғамдық қарым-қаты¬настардың барлығының негізін қа¬лаушы. Мақсатқа жетудің қысқа жо¬лын таңдамайды. Жаны тәртіп¬тілікті қалайды. Кез келген мәсе¬лені соңына дейін шешуді жақсы көреді. Тәртіпсіздік пен бей-бере¬кетсіздікке жаны қас. Іскер, тап¬сырманы ақыл мен қисынға салып оңай орындайды, сирек қателеседі. Өте адал, сенімді, айналасын¬да¬ғы¬лардан да соны талап етеді. Әділет¬сіздікке жаны төзбейді.
5-і туғандар: Мінезіне – өзгеріп тұру тән. Көп саяхаттағанды ұна¬тады. Қызығушылығын, өмірге көз¬қарасын жиі-жиі өзгертіп, із¬дену үстінде болады. Тұрақсыз¬ды¬ғы да бар. Өмірдің барлық қызығын көріп қалғысы келеді. Қаруы – сөз. Сөзге қатысы бар барлық салада өзін сынап көреді. Ойы жүйрік, әзілге шебер. Бірақ кейде осы қабілетін өзгелерді тұқырту үшін пайдаланады. Жұмыс орнында да көп отырмайды.
6-сы туғандар: Білімді, адамгер¬ші¬¬лігі мол, үйге сыйымды жан. Қай¬да жүрсе де тыныштық пен үйлесім¬ділікті сақтап отырады. Оны өмір сүрудің өлшемі деп ұға¬ды. Махаб¬батқа ерекше құрметпен қарайды. ¬Өз отбасына қарым-қа¬ты¬насын осы негізде құрады. Жа¬қындары¬ның өмірін де жайлы етуге ты¬рысады. Оның көп жауапкерші¬лігін өз мойнына алады.
7-сі туғандар: Ойлауға бейімді. Кез келген нәрсені ұсақ-түйегіне дейін ой елегінен өткізеді, сон¬дық¬тан ол сырт адамға сылбыр, түсі¬ніксіз көрінеді. Өз сезімін сыртқа шығармайды. Өнер «тілін» жақсы түсінеді. Адам қабілеті жетпейтін нәрселердің жауабын жиі іздейді. Философиямен айналысады.
8-і туғандар: Ақшаға байла¬ныс¬¬ты істері өркендейді. Даңқ пен бай¬лыққа жақын жүреді. Мате¬риал¬дық жағдайы үстем болады. Адам¬дардың жан дүниесін түсі¬неді, оларға қиналған күндері қол ұшын беруге даяр тұрады.
9-ы туғандар: «9» – метафизика мен философияның саны. Сана¬ның жоғары деңгейіндегі адам. Ке¬меңгер. Саяхаттағанды ұнатады. Мінезін өзгерістер қалыптастыра¬ды. Барлық ұлт пен ұлыстардың әдет-ғұрпын білуге құлшынады. Ел билеушіге тән табандылық пен төзімділікті игерген.
10-ы туғандар: Күш-қуаттың қой¬масы іспеттес. Ақылды, күшті, шығармашылық қабілеті жоғары. Жолындағы кедергілерді оңай жеңеді. Жеңілістің өзін жеңіске айналдырады. Оны іскерлік қабі¬леті мен басшылық пайымы үшін ұнатады. Билігін білек күшімен ше¬шуге тырысатын кездері де аз емес. Оны сырт көзден жасыруға тырысқанымен, байқалып тұрады.
11-і туғандар: Идеалист, өте сезім¬тал, тез жараланғыш жан. Өзі құрметтейтін адамдардың өзін тү¬сінбеуін күйзеліспен қабылдайды. 11 – магистрлік сан. Адамдарды өзі¬не тартып тұрады. 11-жұлдызда туғандардың «жауы» болмайды. Себебі ол өзі өзгелерге тек достық көзқараспен ғана қарайды. Қиын мәселенің шешімін тез табады. Ойы ұшқыр. Шығармашылық қа¬білеті жоғары. Өзгені қорғап, өзгені асырауда алдына жан салмайды.
12-сі туғандар: Көпшіл. Көп адам оған еліктейді. Бірақ ол бұған бола өзгелерге мұрнын шүйіріп кет¬пейді. Әр жақсы көрген сайын бар пейіл, ниетімен ұнатады да, бірақ махаббат толқынына мүлде батып кетпейді. 12-жұлдызында ту¬ғандар салмақты, дегенмен Құ¬дай берген талантын шаша бермей, жинақтап, бір мақсатқа жұмса¬ғаны жөн.
13-і туғандар: Нағыз жұмыс¬кер¬лер. Өз жұмысын беріліп істейді, тіпті оның айналасындағылардың өзі бұл қабілетіне өте таңданып қа¬райды. Олар кәсіби сәулетшілер іспеттес, жұмыста болсын, адам¬дар¬мен қарым-қатынаста болсын, қате жібермеуге тырысады. Қай істің болсын негізін дұрыс қа¬лайды. Жоспар бойынша жұмыс істеп, оның игілігін көреді.
Көп еңбек етіп, аз демалады, осы жерде үйлесімділік бұзылады. Сондықтан демалуға, сезімге берілуге уақыт бөліңіз.
14-і туғандар: Ерекше сөйлеу қа¬білеті мен шығармашылық та¬лантқа бай. Сезімтал. Адамгерші¬лік қасиеті мол. Өз көзқарасын өз¬геге дәйектеп, дәлелдей алады. Ісі нәтижелі болады. Ол әңгіме айт¬қанда оның шынайылығына еш¬кім шәк келтіре алмайды. Тосын оқиғалардан, тосын құбылыс¬тар¬дан қорықпайды.
15-і туғандар: Мейірімді, өзгеге жаны ашығыш. Өзгеге жаны ашып жүріп, өзі де қиыншылықтарға тап болады. Өмірдің ауыртпалығын кө¬теріп жүргенімен ешкімге шағын¬бай¬ды. Үйін, отбасын ойлайды. Оның барлық әрекет ісіне махаббат басшылық жасайды. Білім алуға, оқуға ұмтылысы мол. Ол көпші¬лік¬тің мейіріміне бөленеді. Бала¬лармен бірге ойнағанды, бірге жүр¬генді жанындай жақсы көреді.
16-сы туғандар: Жақындары¬нан бө¬лінгісі келмейді. Тіпті етене та¬ныс емес адамдар да оны төңі¬рек¬теп жүреді. Өзі өте қарапайым. Ұлы адамдарға тән ақыл-ойға ие. Жал¬пыға бірдей ұғымды нәрсе ол үшін қызықсыз, мәнсіз. Ол үшін ең ма¬ңызды нәрсе – білім. Өзін-өзі сы¬науға, талдауға бейім. Өзінің то¬қырауына жол бермейді.
17-сі туғандар: Оның өнертап¬қыш¬тығы өмірдегі қажетін табуына көп көмектеседі. Ойының жүзеге асуына көп күш салады. Оның мүмкіндігі шексіз. Қызығушылығы мол. Еті тірі. Мұның бәрі оның та¬нымал болуына негіз қалайды, алға жүруіне ықпал етеді. ¬Өзімен-өзі болғанды қалайды, ондайда өз ісіне риза болып, тіпті мақтанатын¬дығын да жасыра алмайды, өзіне өзі сенімді.
18-і туғандар: Кез келген адам¬ды қай ісінен болсын, екі орап ке¬тетін жандар. Жан-жақты, ерекше қабі¬летті. Кез келген ойын жүзеге асыра алады. Оның ой-өрісі бәрін түсі¬нуге мүмкіндік береді. Өз та¬лан¬тын табысты жұмыстарға жұм¬сайды. Қол¬ға алған ісін өзі өте же¬ңіл орын¬дайтындықтан, өзгелердің былжы¬рап жүретіндігіне жыны келеді. Соңынан адамдарды ерте алады.
19-ы туғандар: Ойламаған жер¬ден орындарынан тұрып кететін адам¬дар. Олар өзгенің ойын жүзеге асыруда алдына жан салмайды. Өз жұмысын бүге-шүгесіне дейін бі¬леді, кез келген істі жалғастырып кете алады. Үйде жұбайының жоқ¬тығын білдірмейді. Нақты ойлауға дағдыланған. Әр мәселені терең тү¬сінуге тырысады да, оған баға бер¬¬генде көп қиналмайды. Біреуді жақ¬сы көрсе, жан-тәнімен ұнатып, жек көрсе, адам алғысыз етіп тас¬тайды.
20-сы туғандар: Өзгелер үшін үне¬мі өзін құрбандыққа шала¬тын¬дар. Өзін осылай шаршата берсе, түптің түбінде күш-қайратынан айы¬ры¬ла¬ды. Өзгені түсіне алатын¬ды¬ғы үшін оған сырт адамдар өз мәселе¬лерін айтады. Дегенмен ақкөңіл¬діліктің де шегі болады. Осыны ес¬тен шығармаған жөн. Мінезі жұм¬сақ, нәзік, түсінігі мол, кең пейілді. Бұл – оған Тәңірдің берген сыйы.
21-і туғандар: Ақсүйектік өмір¬ге бейім. Тілі шешен, өткір. Өзге¬лер¬¬мен оңай тіл табысады. Қай ор¬тада болсын басты назарда бол¬ған¬ды қалайды. Терең пікірталасуға бବру¬дан қашқақтайды. Бірақ мә¬селе¬нің мәнін тез аңғарып, өз пайда¬сына қарай шеше қоятын мі¬незі бар. Өмірді сөзбен өрнектейтін жан.
22-сі туғандар: Ол – өмір сәу¬лет¬шісі. Бей-берекеттік, жоспарсыз¬дық жанын жаралайды. Іске асы¬ратын жұмысының ұсақ-түйегіне дейін ойластырып барып, жүзеге асырады. Өзіне сондай сенімді, ешкім оны өз ойынан қайтара ал¬майды. Материалдық жағынан сәл қиындықтар көргенімен, ол оған мән бермейді. Себебі оның білімі мен тәжірибесі түптің түбінде оны бұл тығырықтан алып шығады.
23-і туғандар: Өзгерістер мен сөз өмірінің басты қағидасы. Ол – сөз қадірін терең түсінетін жан. Актер, әдебиетші, радиожурна¬лист, сауда мен педагогикалық іс¬терде де бағы жанады. Адам¬дарды өзіне жылдам еліктіре алады. Оны көп адам сыйлайды, құр¬мет¬тейді. Де¬генмен ол көңіл күй ар¬насына жылдам беріледі. Оның намысына тисеңіз, көтеріліп кетеді. Мінезі құбылмалы.
24-і туғандар: Жеке адамның өсуі үшін қажетті мінездердің бәрі бойында бар. Жақсы көрген ісіне бар жан-тәнімен беріліп, жұмысын табысты аяқтайды. Тіпті демалу дегенді ұмытып кетеді. Анда-санда көңіл көтергеннің зияны жоқ. Үйі мен отбасынан өзге жақыны жоқ. Жақындары үшін қолынан кел¬ген¬нің бәрін істейді. Өзгенің оған қол сұғуына жол бермейді. Айна¬ласын әдемілікке бөлеп, өзі соның қызуына жылынып отырғысы ке¬леді.
25-і туғандар: Өмірдегі басты қа¬ғидасы – шыдамдылық пен тәр¬тіптілік. Сырттағы жұрт үшін ол тас¬бақа секілді тым сылбыр көрін¬генімен, ол бәрін ойымен екшеп отырады. Белгілі бір ойға берілген кезде өзге дүниені ұмытып кетеді. Құпия ілімдерге құмары ерекше. Адамдармен қарым-қатынаста адалдық, сенім, тазалыққа иек артады.
Өзгелер оны көп түсінбеуі де мүмкін. Бірақ ол өзінің кім екенін анық біледі. Еш уақытта шыдамын тауыспайды. Мінезі қалыпты.
26-сы туғандар: Ол мықты, ақы묬ды. Ірі бизнеске жетекші бола ала¬ды. Қайырымдылық қорын құ¬руы мүмкін. Өзгелерге ақыл үй¬ретуге де шебер. Үйі мен отбасына сүйіспен¬шілігі мол. Қандай жұ¬мыс¬ты да кең ауқымда жүргізеді. Даңқ пен байлыққа ұмтылғыш. Оны үйле¬сімді жүргізе алады.
27-і туғандар: Оның мүмкінді¬гінде шек жоқ. Өне бойы тосын нәр¬селер іздеумен болады. Өмірдің бір кезеңінде ол мистикамен ай¬на¬лысады, құпия өмірдің жұмба¬ғын шешуге күш салады, «жүзеге аспайды-ау» деген бұлдыр жоспар¬дың етегінен ұстап жүреді. Оның іскерлігі сондай, қиялдың өзін нақ¬ты өмірге айналдырып жібереді. Ойға берілуді жақсы демалыс деп ойлайды.
28-і туғандар: Ол қандай орта¬да болсын, тізгінді өзгеге бермейді. Шатқаяқтап тұрған істі түзетіп жі¬береді. Ойлау жүйесі өзгеше. Ұйым¬дастырушылық қабілеті ерекше. Жаңа ойларын өзге ар¬қылы жүзеге асырғысы келіп тұра¬ды. Адамдар арасындағы қарым-қатынаста жы¬лылық қалыптасты¬рады.
29-ы туғандар: Адамы көп ор¬таны іздеп тұрады. Біреуге жаны ашып көмектеспейді, өзіне пай¬далы жағын ойлап көмектеседі. Екін¬ші біреуге қажеттілікті дәл ұға біледі. Оның ойынан артылатын еш нәрсе жоқ. Өзіне керекті нәрсені бүге-шігесіне дейін біліп ала қоя¬ды. Достары көп, қызығушы¬лы¬ғының аясы кең. Көптің көзіне тү¬сіп жүруді қалайды. 29 санының жағымсыз бір тұсы – эгоистік. Одан құр алақан емес.
30-ы туғандар: Ойы мен сезімін әрқашан ашық айтып отырады. Оған махаббат билік жүргізеді. Көпшіл. Адамдарды өзіне тартып тұратын қасиеті бар. Әділдігі мен сөзге шеберлігінің арқасында біраз жетістіктерге қол жеткізеді. Ірі істерді басқарып, алға қойған мақсатына қол жеткізеді. Олар талантты болып келеді.
31-і туғандар: Көп нәрсені көңіл көзімен көретін туа біткен қабілеті бар. Өзі де сонысына орай таза, се¬німді. Әріптесі, жолдасы, отбасы үшін адамгершіліктің қа¬зынасы іспеттес. Шығармашылық ойды жүзеге асырарда оны әбден кесіп-пішіп алады. Ұсақ-түйекке назар аудармайды. Қабілеті оны биікке шығарады. Өзінікінен бұрын өзгенің мәселесін шешуді ұнатады. Өзін ұмытпағаны жөн.